$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2020, 13:16
Үкімет

Экология министрі Ақтөбе облысындағы «Қазхром» қалдықтарын 30%-ға азайтуды жылдамдатуды тапсырды

Мағзұм Мырзағалиев «Қазхром» зауытының өңірдегі қоршаған ортаны жақсарту жоспарын талқылады

Экология министрі Ақтөбе облысындағы «Қазхром» қалдықтарын 30%-ға азайтуды жылдамдатуды тапсырды
Фото: twitter.com/MirzagalievKZ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүр. Онда ол «Қазхром» ТҰК Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндірістік алаңына барып, сондай-ақ өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мен Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүрмін. Бір күн бұрын «Қазхром» АФЗ-ның өндіріс алаңын араладым. Компания басшылығына №1, 2 цехтардың қалдықтарын 30%-ға азайту жөніндегі алған міндеттемелерін мүмкіндігінше тезірек орындау қажет екенін нұсқадым. Сонымен қатар, «Қазхром» жалға алған мердігер компаниялардың жұмыстарды орындамауы салдарынан жинақталған қалдықтарды тиісті дәрежеде ұқсату үшін жедел шаралар қабылдауы керек», - деп толықтырды Экология министрі.

Министрдің айтуынша, осы және басқа да мәселелер министрліктің келесі аптадағы жиынында қаралады.

«Сондай-ақ облыстағы су ресурсының жағдайын, өңірдегі ирригациялық инфрақұрылымды құру және жаңғырту жұмысының барысымен таныстым. Өңірде бұл жұмыстардың оң нәтижесі: фермерлер жаңа жерлерді игеруде, жоңышқа егінін көбейтуде (жылына 4 рет өнім алады), шикізатты өңдеп, экспортқа жіберуде білінеді. Сондай-ақ, сүт фермаларын дамыту жоспарланған. Алдағы міндет – облыстағы суармалы жерлерді 32,900-ден 69,967 гектарға дейін ұлғайту» , - деді Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары