1 мамыр күні қазақстандықтар үшін тағы бір «арзан» ипотека беру басталады
Жаңа ипотекалық бағдарлама үшін «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатқаны белгілі болды
2024 жылдың 1 мамырында Қазақстанда әлеуметтік осал топтағы адамдар үшін ставкасы 7%-дан аспайтын ипотекалық бағдарлама басталады. Бұл турады бүгін Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министр мәлім еткендей, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр.
«Бұл қаражат - бағдарламаның жалпы сомасы. Бұл ипотекалық бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие ставка 7%-дан аспайды. Бірінші мамыр күні бағдарламаның барлық шартын толығымен жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады», - деді Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда өңір тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.