$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

300 млрд теңгеден астам қаражат оңтайландыруға ұсынылып отыр – Ұлттық экономика министрі

Нұрлан Байбазаров маңызы жоқ жобалар мен іс-шараларды азайтуды ұсынды

300 млрд теңгеден астам қаражат оңтайландыруға ұсынылып отыр – Ұлттық экономика министрі
Фото: freepik.com

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров маңызы жоқ жобалар мен іс-шараларды азайтып, бюджеттің өнімсіз шығыстарын қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында Қаржы министрлігі тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, республикалық бюджет шығыстарын анықтау мақсатында осы жылдың шығыстарына қосымша тексеру жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, сонымен қатар 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылғанын ескере отырып, келесіндей шараларды ұсынылады:

Бірінші – мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарын қысқарту. Бұл іссапарлар шығындары, форумдар өткізу, зерттеулер жүргізу және бағы басқалары;

Екінші – бірінші кезекті маңызы жоқ жобалар мен іс-шараларды, оның ішінде олардың орындалуы мерзімдерін, мысалы әкімшілік ғимараттар салу, ағымдағы жөндеу, күрделі шығындар және тағы басқа іс-шараларды қайтадан қарау;

Үшінші – мемлекеттік қолдаудың өнімділігі төмен іс-шаралар бойынша шығыстарды азайту;

Төртінші – жобаларды, оның ішінде жекелеген іс-шараларды қаржыландыру және іске асыру шарттарын өзгерту есебінен шығыстарды оңтайландыру», - деді министр.

Оның айтуынша, осы талдау нәтижелері бойынша оңтайландыруға 300 млрд теңгеден астам қаражат ұсынылып отыр.   

«Егер сіз мақұлдаған жағдайда бұл қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ экономиканың басым секторларын қаржыландыру үшін республикалық бюджетті наурыз айында түзету жолымен Үкімет резервіне шоғырландыру ұсынылады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Серіктес жаңалықтары