$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде табыт құны күрт қымбаттаған

Елде қабірді қазу қызметі де қымбат

Ресейде табыт құны күрт қымбаттаған
Фото: themoscowtimes.com

Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресейдегі табыттың орташа құны 22,2%-ға қымбаттаған. Қабірлерді қазу бағасы да рекордтық қарқынмен өсіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Moscowtimes.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейде Украинамен соғыс кезінде ритуалды қызметтер мен тауарлардың құны күрт өсті. Атап айтқанда, соғыс басталғаннан бері табыт бағасы 22,2% -ға қымбаттады.

Соғыстың алғашқы жылында табыттар 15,82% - ға, ал өткен жылы тағы 5,55% - ға қымбаттады.

2021 жылы пандемия кезінде Ресейде өлім-жітім көбейген кезде табыттың құны 36,6% - ға өсті. Нәтижесінде соңғы үш жылда қымбаттау соңғы 13 жылда рекордтық көрсеткішке жетті.

Сонымен қатар Росстаттың хабарлауынша, қабірлерді қазу екі есе жылдамдықпен қымбаттайды. Өткен жылы бұл қызмет бағасының өсуі 11,25%-ға қымбаттады. Соғыстың екі жылында қабірлерді қазу 20,6% - ға қымбаттады.

Жерлеу ұйымдары мен крематорийлер Одағының атқарушы директоры Елена Андрееваның айтуынша, ритуалды қызметтер бағасының өсуі «базалық сатып алу өнімдерінің - ағаш пен металдың қымбаттауымен» байланысты.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ресей #баға #табыт