24.11.2023, 12:04
Экономика
Қазақстанда несие алуға өтініш берушілер көбейді
Үш айда 797 мың адам қарыз алуға ниет білдірген
Фото: freepik.com
Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді. Соңғы үш айдың өзінде тұтынушылық кредит бойынша 19 млн 100 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл – рекордты көрсеткіш, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Демек, жұмыс істеуге қабілетті әрбір қазақстандық әр тоқсан сайын кемінде екі рет банктен қарыз сұрайды деген сөз. Ал былтыр осы уақытта банктерге 12 млн өтініш түскен. Яғни, биыл 63 пайызға өсті. Автонесиеге жүгінушілер де көбейді. Үш айда 797 мың адам қарыз алуға ниет білдірген. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Өтінім саны көбейгенімен, банк қарыз беруді жылдан-жылға азайтып жатыр. Бүгінде берешек сұраған 10 адамның 3-інің ғана өтінімі мақұлданады., деп жазады qazaqstan.tv.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады