30.10.2023, 16:38
Экономика
Қор нарығында доллар бағамы қайтадан өсті
Бүгінгі доллар бағамы - 471,87 теңге
Фото: marionetki.net
Қазақстан қор биржасында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір теңгеге шаққанда 1,65-ке көтеріліп, 471,87 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 28-30 қазандағы ресми бағамы долларға 470,30 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 473,04 теңгені, сатылымы 475,50 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 470,92 теңгеден сатып алынып, 475,98 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды