$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс 320 млрд теңгеге өсті

Қаржының негізгі бөлігі кәсіпорындардың жалға алуға жұмсаған қаржысы құраған

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс 320 млрд теңгеге өсті
Фото: kapital.kz

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кіріс бір жылда 320 миллиард теңгеден астам сомаға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы жалға беру және мүлікті басқару саласында көрсетілген қызметтердің (экономиканың бақыланбаған секторының көлемін есепке алмағанда) көлемі 1 трлн 242,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 35 пайызға артық көрсеткіш.

Оның үстіне 2023 жылдағы мәннің 2020 жыл деңгейінен (1 триллион 219,1 миллиард теңге) көп айырмашылығы болмаған. Ал 2020 жыл коронавирус, локдаун және шектеулер жылы болғаны белгілі.

«Жылжымайтын мүлікті жалға беруге тек пәтерлер ғана емес, сонымен қатар қоймалар, сауда орындары, кеңселерді және т.б. кіреді. Демек, кәсіпорындардан түскен негізгі табыс 1 трлн 121,1 млрд теңге құрағаны таңқаларлық жайт емесе. Ал қалған 121,6 млрд теңге тұрғындардан түскен», - деп жазады Бірінші аналитикалық арна.

Серіктес жаңалықтары