$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл еліміз өнеркәсіп саласына 1,7 трлн теңге инвестиция салады

Қазақстанда импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады

 

Биыл еліміз өнеркәсіп саласына 1,7 трлн теңге инвестиция салады
Фото: 24.kz

Биыл іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі  – 1,7 трлн теңге. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр осы жылы 165 жоба іске қосылатынын, қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылатынын хабарлады.

«Биыл іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі - 1,7 трлн теңге. Капиталды барынша қажет ететін, 820 млрд теңге көлеміндегі жобалар Атырау облысында іске асырылады. Жобалар санының аз болғандығына қарамастан, атап айтсақ 5 жоба, бір жұмыс орнына салынған инвестициялар көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Инвестициялардың ең аз көлемі Павлодар облысына тиесілі – 7,4 млрд теңге», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.

Бүгінде капиталды ең аз қажет ететін жұмыс орындарын құру Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында болып отыр. Бұл өңірлерде бір жұмыс орнына шамамен 20-30 млн теңге жұмсалады.

«Мемлекеттік органдар бөлінісінде жағдай келесідей: 2022 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 107 жобаны, Ауыл шаруашылығы министрлігі 46 жобаны, Энергетика министрлігі – 5 жобаны және Денсаулық сақтау министрлігі 7 жобаны іске асыруға жауапты. Жобалар толық қуатымен жүзеге асырылған кезде 2,5 трлн теңгенің өнімі шығарылып, экспорттың жалпы көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда», - деді министр.

 

Серіктес жаңалықтары