Қазақстан мен Дүниежүзілік банк отыз жылда 55-тен астам жобаны іске асырды
Биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығының 30 жылдығын атап өтеді
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде ҚР мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты өзара ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.
Биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығының 30 жылдығын атап өтеді.
«Серіктестігіміздің отыз жылдығы ішінде біз шағын және орта бизнес, қаржы, ТКШ, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялармен қатар экономиканың түрлі салаларында барлығы 55-тен астам жобаны сәтті іске асырдық», — деді Ә. Смайылов.
Бірлескен инфрақұрылымды дамыту жобалары бойынша Достық – Мойынты жол учаскесін салу жобасы талқылануда.
Қазіргі уақытта жол құрылысы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске асырылуда.