ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Jýsan Bank АТФ банк акцияларының 99%-ын сатып алды

«АТФБанк» АҚ-тың ірі акционеріне Jýsan Bank-тың 19,97% акцияларын иеленуге келісім берді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісімін алғаннан кейін Jýsan Bank АТФ банк акцияларының 99,76%-ын сатып алды.

Заңнама талаптарына сәйкес «АТФБанк» АҚ-тың Jýsan тобына қосылуы бойынша мәмілені іске асыру үшін агенттік «Jýsan Банк» АҚ-ға АТФ банктің 99,76% акцияларын сатып алуға және «АТФБанк» АҚ-тың ірі акционері Ғ.Ш. Есенов мырзаға Jýsan Bank-тың 19,97% акцияларын иеленуге келісім берді. Сонымен бірге мәмілеге қатысушылар АТФ банктің еншілес ұйымы, «Оптима Банк» АҚ-ға қатысты Қырғыз республикасы Ұлттық банкінің тарапынан акционерді ауыстыруға қажетті рұқсаттар алды.

Банктердің бірігуінің қаржылық моделі қосылу мен бірігудің классикалық моделіне (M&A) сәйкес келеді, онда банктің 124 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы қосымша провизиялар құру үшін пайдаланылды. Жұмыс істеп тұрған акционер шығындарды өтегеннен кейін Jýsan Bank АТФ банкті 97 млрд теңге сомаға үстеме капиталдандыруды жүзеге асырып, реттеуші талаптарына сәйкес капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастырды. Мәміле қорытындысы бойынша АТФ банк провизиялардың қажетті көлемін құрды, оның капиталы мен өтімділігінің жеткілікті қоры бар, бұл ұзақ мерзімді болашақта банктің қаржылық орнықтылығын және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Агенттік Қазақстанның аса ірі банктерінің бизнес-модельдерін біріктіру банк секторының тұрақтылығын арттыруға және екі банктің қаржылық әрі технологиялық артықшылықтарын пайдалану есебінен халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп есептейді. Jýsan Bank және  АТФ банк активтерінің жиынтық көлемі 3 трлн теңгеге жуық, ал екі банктің жалпы нарықтық үлесі банк секторы активтерінің 10%-ына жетеді деп күтіледі.

Jýsan Bank және АТФ банктің ағымдағы қызметі, сондай-ақ банктердің клиенттері үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі уақтылы және толық көлемде жүзеге асырылады.