Қазақстанда зейнетақы жинақтары 25,8 трлн теңгеге жетті

Бұның  241,4 млрд теңгесі инвестициялық табыс

Қазақстанда зейнетақы жинақтары 25,8 трлн теңгеге жетті
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында жалпы халықаралық резервтер наурыздың соңында 129,5 млрд долларды құрағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тауар мен қызмет импорты 80,3 млрд долларға дейін 9%-ке өсті. Өсуге негізінен өнеркәсіп тауарларын сатып алу себеп болды. Кіріс балансының тапшылығы негізінен шикізат экспортының таза пайдасының төмендеуі есебінен 22,3 млрд долларға дейін 4%-ке қысқарды. Осыған қарамастан, бейрезиденттерге төленетін төлемнің көлемі жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл төлем балансына белгілі бір деңгейде тежеу болды», - дейді ол.

Ерұлан Жамаубаев ұлттық қордан республикалық бюджетке 800 млрд теңге трансфертталғанын айтты.

«Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 67,2 млрд долларға дейін 2,7%-ке ұлғайды, Ұлттық қордың активтері 2,5%-ке азайып, 62,3 млрд доллар болды.  Бірінші тоқсанда Қорға келіп түсетін түсімдер 184 млрд теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі – 800 млрд теңге болды», - дейді Жамаубаев.

Ол атағандай, жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін 2,6%-ке өсті. Инвестициялық табыс көлемі 271,4 млрд теңгені құрады.