$ 499.22  519.14  5.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайбергеннің әйгілі композитормен бірлесіп шығарған әні көрерменге жол тартады (ВИДЕО)

Ол бұл әнді өзінің фандомына арнап отыр

Димаш Құдайбергеннің әйгілі композитормен бірлесіп шығарған әні көрерменге жол тартады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Будапеште шығармашылық сапарда жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бейне үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол жаңа туындысын әлемге әйгілі композитормен шығарғанын тілге тиек етті.

«Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық. Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін айтар алғысым шексіз. Ал бүгін осы мерекеге орай жаңа әніміздің премьерасын жасамақпыз.7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл «Love’s not over yet» әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін», - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары