Швециядағы Hope International Film Festival кинофестивалінде отандасымыз «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды

Әділхан Ержановқа бұл жүлде  «Сары мысық» фильмі үшін беріл

фото: Nicholas Hunt/Getty Images Europe

Сондай-ақ аталған туынды Верона (Италия) және Брюггеде (Бельгия) өткен екі кинофестивальде   «Үздік фильм» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Айқын газеті.

Фильмде қазақстандық Бонни мен Клайдтың оқиғасы баяндалады. Жас Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралып,  қатігез заңдары бар қылмыстық топ сол жерде билік жүргізіп жатқанын көреді. Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен жаман жолға түседі. Ал Кермек болса қылмыс торына шырмалады.  Алайда оның арманы – сүйіктісімен бірге бұл қиындықтан өтіп, кинотеатр салу. Ол мақсатына қандай жолмен болса да қол жеткізгісі келеді.

«Сары мысық» фильмі Zerde FILMS компаниясы Short Brothers, Arizona Productions (Франция) компанияларының, «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.