19.03.2021, 14:37
Мәдениет
Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды
Ол 2019-2021 жылдары Мәжіліс депутаты болды
Мәжілістің экс-депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.
Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2005 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр мен кино актері» факультетін бітірді, 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика и бизнес» факультетін бітірді.
2019 жылдың қыркүйегінен бастап Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған, әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
Көп оқылған
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
16.05.2026, 08:31
Конгода қауіпті вирус тарап жатыр: 65 адам көз жұмды
16.05.2026, 07:19
Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі
16.05.2026, 06:26
Алматы тау бөктерінде кәріз суының салдарынан көшкін жүрді
16.05.2026, 10:08
Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
16.05.2026, 12:56
ШҚО-да қолөнершілер екі бірдей әлемдік рекорд орнатты