$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:44
AR trend

Деменцияға шалдыққан әлемдік жұлдыз Брюс Уиллисті балалары бөлек үйге шығарды

Голливуд жұлдызына тәулік бойы күтім жасалып жатыр

Деменцияға шалдыққан әлемдік жұлдыз Брюс Уиллисті балалары бөлек үйге шығарды
Фото: Chris Pizzello/AP

«Die Hard» фильмімен танылған 70 жастағы актер Брюс Уиллис асқынып бара жатқан деменциясына байланысты бөлек бір қабатты үйге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның әйелі Эмма Хемингтің айтуынша, жаңа үйде арнайы медициналық жабдықтар орнатылған, кәсіби күтім тәулік бойы жүргізіледі.

Эмма Хемингтің сөзінше, бұл шешім отбасы үшін өте қиын болғанымен, Уиллис үшін ең дұрыс қадам болды. Жаңа үйде актерге ыңғайлы жағдай жасалған: тыныш орта, қозғалысқа қолайлы кеңістік және деменцияға шалдыққан адамдарға зиян тигізетін шудың аз болуы.

«Бұл мен үшін ең ауыр шешімдердің бірі болды. Бірақ Брюс ең алдымен қыздарымыздың қамын ойлайтынын білдім», – деді Хеминг.

Актер үш жыл бұрын денсаулығына байланысты кино саласынан кететінін жариялаған еді. Кейінірек дәрігерлер оған деменция диагнозын қойған. Қазір оның отбасы жанында қалып, барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары