$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.12.2025, 11:52
AR trend

«Жеке шекарама өтті»: екі блогер елді шулатып, ақыры татуласты

Екеуі түсірілім кезінде бір-бірін түсінбей қалыпты

«Жеке шекарама өтті»: екі блогер елді шулатып, ақыры татуласты
Фото: видеодан скриншот

Блогер Айшолпан Байтүгел демалыс күндері өзінің түсірілімнен кейінгі сезімін жазып, аудиториясына жылап шыққан еді, деп жазады Azattyq Ryhy.

Блогердің көңілін түсірген косметика дүкенінің негізін қалаушы болған. Компания ақылы түрде блогерлердің үйіне барып, немен тамақтанатынын көру үшін тоңазытқышын, бет күтіміне арналған заттарын тексереді. Айшолпан да көптің бірі сияқты ақысын төлейміз дегендіктен, келіседі. Алайда өз үйіне келген 6 түсірілім тобынан қысым көргенін айтады.

«Басында менің үйіме келіп түсіреді деп келістік. Ақшасын төлеп жатыр ғой, барынша жақсы ойнап шығайын, қызық болсын деген ұстаным болды. Бірақ түсірілім барысында менің жеке шекарама 6 бірдей адам өтіп тұрғандай сезіндім. Тоңазытқышымдағы заттарды сынап, кекетіп қарағандай болды. Кейін менің рұқсатымсыз фаст-фудқа тапсырыс беріп қойыпты. Мен күнде зиян тамақ жеп жүргендей көрсеткісі келген. Оған да үндемей, көніп барынша ойнап бердім», - дейді блогер.

Оның айтуынша, көңілі әбден түскен сәт оның қолтығына пайдаланатын күтімін сұрағанында болған.

«Менің бет күтімім жайлы еді ғой. Ол жаққа неге өтесіздер деп, оператор жігіттердің көзінше осындай жеке әңгіме қозғалып жатқанына қатты ұялдым. Өзімді жаман сезіндім. Мен өз блогымда толықтығым, түрім жайлы айтатын болсам, қалғандары да солай айта алады деген сөз емес», - деді блогер.

Айшолпанның өз парақшасындағы мәлімдемесінен кейін threads әлеуметтік желісінде косметика дүкені мен оның иесі Жұлдыз Әкімге «кәнсіл» дегендер көбейді. Мәселе ушығып, қолданушылар Жұлдыздың түрін келемеждеп, скрин жасап таратты. Кейбір қолданушылар Айшолпанның өзін кінәлап, дер кезінде «жоқ» деп айтып, тоқтатпағанын сынады. 2022 жылы Жұлдыз Әкім түсірген видеоны да тауып алған. Онда ол косметика жарнамасына күйеуінен таяқ жеген, беті көгерген қыздар қалай боянуы керегін үйреткен. Кейін ол видео өшірілген. Алайда қолданушылар архивтен тауып алған.

 

Посмотреть в Threads

 

Сондай-ақ көп жыл еңбек етіп, бір қателігі үшін бизнестің түбіне жетпеу керек дегендер де табылды. Ақыры шу екі күнге созылып, екі блогер татуласып видео жариялады.

«Біз бұл мәселе осынша ушығып, тарап кетеді деп ойлаған жоқпыз. Бір-бірімізді енді түсіндік. Бір-бірімізді кешірдік. Қай жерде қателескенімізді мойындадық. Достастық. Мен мына жақтан психикам әлсіз болып «травма» алдым, Жұлдыздың жұмысына әсер етіп жатыр. Бұл әңгіме осы жерде тоқтаса екен», - деді Айшолпан.

Компания басшысы Жұлдыз Әкім де адамдардан кешірім сұрады.

«Баршаңыздан осындай оқиға үшін кешірім сұраймын. Біз бір-бірімізді түсінбей қалдық. Мен өзім қандай түсірілім болатынын келіспедім. Айтпаған сәттер де болып қалды. Хейттен көп сабақ алдым.Ендігі түсірілімдер дұрыс болады деп үміттенемін», - деді ол.

Алайда екеуі біріккен видео жариялаған кейін де «хайп» ұстады дегендер табылған.

Серіктес жаңалықтары