Бүгін, 01:46
Әлем

Тәжікстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,9-ға жетіп, ошағы 100 шақырым тереңдікте орналасқан

Тәжікстанда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: istockphoto.com

Сейсмологтер бүгін Тәжікстан аумағында күшті жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 19 қазанда Астана уақытымен сағат 20:35-те (Гринвич уақытымен 15:35-те) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 38,26 градусы мен шығыс бойлықтың 73,23 градусы аралығында орналасқан. Магнитудасы – 4,9. Ошақ тереңдігі – 100 шақырым.

Бұған дейін, 19 қазанда Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.