31.08.2026, 19:30
Әлем

АҚШ араға бір ай салып, Иранға қайтадан соққы жасады

Жауап ретінде Тегеран Иорданиядағы америкалық екі әскери базаға баллистикалық зымырандар ұшырды

АҚШ араға бір ай салып, Иранға қайтадан соққы жасады
Фото: Bild

АҚШ шілде айының соңынан бері алғаш рет Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққы жасады. Bild басылымының мәліметіне сүйенсек, нысана Ормуз бұғазындағы Ларак аралында орналасқан екі зымыран кешені болған. АҚШ тарапының мәлімдеуінше, Иранның сақшылары корпусы бұл кешендерден теңіз миналары бар зымырандарды ұшыруға дайындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Иран әскері қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін хабарлағанымен, олардың нақты санын жариялаған жоқ. Бұған жауап ретінде Тегеран Иорданиядағы америкалық екі әскери базаға баллистикалық зымырандар ұшырғанын мәлімдеді. Иорданияның Petra агенттігінің мәліметінше, корольдік әскері елдің әуе кеңістігіне кірген сегіз зымыранды атып түсірген.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазына жаңа миналар орнатуға әрекет ететін кез келген ирандық кемені жоятынын ескерткен. АҚШ президенті бұл саясатты «нөлдік төзімділік» деп атап, америкалық күштердің халықаралық суларды миналардан тазартқанын мәлімдеді.

Вашингтонның кеме қатынасы қайта қалпына келді деген мәлімдемелеріне қарамастан, Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз көлігі әлі де соғысқа дейінгі деңгейден айтарлықтай төмен.