Иранның жоғарғы көшбасшысы ес-түссіз жатыр – БАҚ
Дереккөздер Моджтаба Хаменеидің комада жатқанын айтты
Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ес-түссіз жағдайда болып, Құм қаласында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы АҚШ пен Израиль барлау деректеріне негізделген құжатқа сүйенген The Times басылымы жазды.
«Моджтаба Хаменеи Құм қаласында ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр және режимнің қандай да бір шешім қабылдау процесіне қатыса алмайды», – делінген құжатта.
Бұған дейін, 12 наурызда The Sun газеті Моджтаба Хаменеидің әуе соққысы салдарынан ауыр жараланғанын хабарлаған болатын. Журналистердің мәліметінше, Иран көшбасшысы бір немесе екі аяғынан айырылып, кома жағдайында жатыр.
56 жастағы Моджтаба Хаменеи – АҚШ пен Израильдің Тегерандағы резиденциясына жасаған соққыларынан кейін қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің ұлы. Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланған, ал 8 наурызда Сарапшылар ассамблеясы оны өмір бойына бірауыздан бекіткен.