$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жанқошқа ұрынып, жетімдіктің не екенін түсіндім»: Әнару Құрманәлі іс әлі тергеліп жатқанын айтты

Ол өзінің тәрбиесіне қатысты мәлімедеме жасап, анасы жайлы ағынан жарылды

«Жанқошқа ұрынып, жетімдіктің не екенін түсіндім»: Әнару Құрманәлі іс әлі тергеліп жатқанын айтты
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Әнару Құрманәлі әлеуметтік желіде Жанқош Тұраровқа қатысты мәлімдемелерін бірінен соң бірін жариялап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ал енді менің тәрбиемнің басына келетін болсақ, анам өте жақсы, адал, таза, ақылды адам. Оның қандай екенін бүкіл Қазақстан біледі. Анам бар өмірін жақсылыққа, адалдыққа, адамдарды өсіруге, дамытуға, көтеруге арнады. Анам үйден шығармай, 24/7 қарауында ұстады. Таза үйдің қызы болдым. Кішкентайымнан үйдің жұмысын істеп, тамақ пісірдім. Тіпті 8-9 жасымнан бастап базарға шығып, 5-10 келі азық-түлік көтеріп, сауда жасайтын едім. Анама қолғанат болдым. Кейін 11-сынып бітіріп Алматыға оқуға түстім.  Анамның ауырғаны - Алматыға кеткеннен кейін 3-ші курсқа өтіп, оқуымды бастап жатқан уақытым болатын. Оралда қалып анамның жанында болған кезімде анам ауырмас еді. Қас-қағым сәтте 3-4 айдың ішінде 2016 жылы ауруы белгілі болды. Қанның қатерлі ісігі, лейкоз диагнозына шалдығып, анамнан 20 жасқа енді келген шағымда айрылып қалдым», - деп ағынан жарылды Әнару Қалдыбекқызы.

Оның айтуынша, анасынан айырылған соң Жанқошқа ұрынып жетімдіктің, бақытсыздықтың, әділетсіздіктің не екенін түсінген.

«Ал енді іске келетін болсақ, сотәлі жүріп жатыр.  Адвокаттарым өз ісін өте тиянақты, кәсіби түрде жұмыс істеп жатыр. Енді қалғаны Алланың еншісінде. Анамның әруағы қорғап келеді. Көрмеген азабым жоқ», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары