$ 510.81  578.59  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде 7-қабатта шыққан өрттен 60-қа жақындап қалған ер адам құтқарылды

Абай облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды

Семейде 7-қабатта шыққан өрттен 60-қа жақындап қалған ер адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ

Абай облысында көпқабатты үйдің 7-қабатында шыққан өрттен 60-қа жақындап қалған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семей қаласының Өтепбаева көшесінде жетінші қабаттағы пәтерде өрт шықты. Матрас өртеніп, нәтижесінде қою түтін пайда болды. Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысы дереу өрістетілді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер түтін басқан бөлмеден 1967 ж.т. ер адамды алып шықты. Ол түтінмен қатты дем алған. Жәбірленуші жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.

«Өрт 0,5 ш.м. аумақта қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары