$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда әйел адам бекіре балығының 2 кг уылдырығын тасымалдағаны үшін күдікке ілінді

1991 жылы туған азаматша қаладағы қонақүйлердің бірінің маңында ұсталды

Атырауда әйел адам бекіре балығының 2 кг уылдырығын тасымалдағаны үшін күдікке ілінді
Фото: Атырау облысының Полиция департаменті

Атырау облысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 1991 жылы туған азаматша қаладағы қонақүйлердің бірінің маңында ұсталды. Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.

Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары