Қызылорда облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден қуылды
Бес шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысының Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517- бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық бұзушылар Жалағаш кент орталығында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген жерлерінен ұсталды.
«Олардың тіркеусіз, жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып саналатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны анықталған.
Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын мойындаған, олардың әрекеттері іс құжаттарымен дәлелденген», - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен аталған азаматтар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.