$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелдікпен ағылшынша сөйлесіп, сауда жасаған оқушы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Бұл видео желіде жарияланып, жұртшылық еріксіз таңдай қағып жатыр

Шетелдікпен ағылшынша сөйлесіп, сауда жасаған оқушы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматыда базарда шетелдікке ағылшын тілінде сауда жасаған мектеп оқушысы жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шетел азаматына сувенир сатқан 14 жастағы мектеп оқушысы қойылған сұрақтың бәріне ағылшынша мүдірместен жауап берді.

Ал ең қызығы, туристке қазақ тілінде «рақмет» деп айтуды өзі үйретті. Бұл видео желіде жарияланып, жұртшылық еріксіз таңдай қағып жатыр.

«Жарайсың, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте», «Жарайсың балам! Болашағың жарқын болсын, елім деп соққан жүрегіңнен айналдым», «болашағың жарық болсын інім, ана тіліңнің мәртебесін көтердің», - деп жазды желі қолданушылары.

Шетелдікпен ағылшынша сөйлескен оқушының аты-жөні – Алмас Нұржол. Жылы лебізін білдірген жұртшылыққа алғысын білдірді.

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Баршаңызға үлкен рахмет! Мені қолдап, жылы-жылы сөздеріңіздің барлығын оқып отырмын. Қазақ тілін дамытуға үлкен үлес қосып, бар әлемге танытайық», - деп жазды оқушы Алмас Нұржол.

Серіктес жаңалықтары