«Ақ түске бояңыздар»: Түркістанға келген Бердімұхамедов тосын шешім қабылдады
Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын автокөлікті бірден ұнатты

Түркістанға сапармен келген Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын көлікті сатып алуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәртебелі мейман Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Онда жол талғамайтын көліктің үлгісі көрсетілді.
Бердімұхамедов Қазақстанда құрастырылатын автокөлікті бірден ұнатты.
«Ақ түске бояңыздар. Сатып аламыз, әңгіме жоқ», - деді ол.
Бұл туралы қысқа видеоны президенттің баспасөз қызметі жариялады.
Бердімұхамедов Түркістанға 21 сәуірде келді. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Turkistan visit centre және «Этноауыл» кешенін аралап көрді.