$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екеуі бірге тұрады емес пе?»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен заңды некеге отырды

Жұптың АХАТ бөлімшесінің алдында түсірілген суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарады

«Екеуі бірге тұрады емес пе?»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен заңды некеге отырды
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Танымал актриса Айжұлдыз Адайбекова мен блогер Сәкен Қағаров заңды некеге отырды. Бұл туралы қуанышты жаңалықты Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында жариялады. Жұптың АХАТ бөлімшесінің алдында түсірілген суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жылы лебіздерге толы пікірлерге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Жаңа қадамның басы. Пишем новую историю», – деп жазды актриса.

Сонымен қатар исламдық дәстүр бойынша «Баракаллаху фикум» деген тілегін білдірді.

Желідегі жазбадан кейін жанкүйерлері мен өнердегі әріптестері жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақыт тіледі. Алайда арасында «Екеуі онсыз да бірге тұрады емес пе?», «Некеге енді тұрды ма?», «Сәкен некесін ғана емес, шашын да қидыртуы керек» деп жазылған пікірлер де кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында Айжұлдыз бен Сәкен мешітте неке қиған еді.

Серіктес жаңалықтары