$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада электр желісінде апат болды: бірқатар тұрғын үй мен нысандар жарықсыз қалды

Электр желісіндегі апат бүгін сағат 07:44-те «Жаңа-Жол» қосалқы станциясында болды

Астанада электр желісінде апат болды: бірқатар тұрғын үй мен нысандар жарықсыз қалды
Фото: istockphoto.com

Астанада электр желісінде апат болып, салдарынан бірқатар тұрғын үй мен нысандар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Электр желісіндегі апат бүгін сағат 07:44-те «Жаңа-Жол» қосалқы станциясында болды. Мәліметтерген жүгінсек, РП-210 тарату пунктін электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін №302 10 кВ ұяшықта авариялық ажыратылу болды.

Апаттың себебі – «БЦ Групп» ЖШС балансындағы «Жаңа-Жол» қосалқы станциясынан РП-210-ға кабельдік желінің зақымдануы. Апат салдарынан төрт тұрғын үй кешенінде, балабақшада және бір бизнес-орталықта жарық сөніп қалды.

«Апат салдарын жедел жою үшін 8 жедел-көшпелі бригада жұмылдырылды. Уақытша энергиямен жабдықтау мақсатында тұрғын үй кешендерінің жалпы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін 6 дизель-генератор қосылған.

«Астана-АЭК» АҚ электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге көмек көрсетеді», - делінген «Астана-АЭК» хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары