«Пәтер ақысын төлегісі келмеген»: азық-түлік арбасынан әжейдің бөлшектелген денесі табылды
Әжейді пәтерін жалдап тұратын зейнеткер өлтірген

Санкт-Петербургте ер адам зейнеткерді өлтіріп, денесін бөлшектеп, оны азық-түлік арбасымен алып кетуге әрекеттенген кезде ұсталды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің қала бойынша Бас тергеу басқармасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға Загородная көшесінде болған. 78 жастағы ер адамды аулада учаскелік полицейлер тоқтатқан. Арбаның ішінде сөмкеге салынған адам сүйектері табылған.
Тергеушілер күдікті тұрған пәтерді тексеру барысында тағы да сүйек қалдықтарын анықтаған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«РЕН-ТВ» мәләметінше, қаза тапқан әйел – сол пәтердің 63 жастағы иесі. Алдын ала дерекке сүйенсек, күдікті әйелден пәтерді жалдап тұрған және қомақты қарызы болған. Үй иесі ақша талап етуге келгенде, ер адам оны өлтіріп, денесін жасыруға тырысқан.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.