$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді»: Жылыойда қаза тапқан келіншекті ақтық сапарға шығарып салды

Қайғылы оқиға осыдан екі күн бұрын болған

«Бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді»: Жылыойда қаза тапқан келіншекті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: видеодан кадр

Жылыой аудандық орталық ауруханасының заңгер маманы Қайырбекова Мейрамгүл Абатқызы қайғылы жағдайда кенеттен дүниеден озды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол еңбек жолын 2022 жылы Жылыой аудандық орталық ауруханасында заңгер мамандығымен жалғастырған. 1 қыздың анасы. Мейрамгүл Абатқызы қызметіне адал, өз ісінің маманы, біліктілігін арттыру курстарына қатысып, көптеген сертификаттарға қол жеткізген. 

«Ұжымдастарының алдында беделді, үлкенді құрметтей білген, жаны жайсаң, жүрегі жұмсақ, үнемі күлімсіреп жүретін жан еді. Өмірден өтсе де, оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады. 

Отбасына, анасы, бауырларына кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз, иманы жолдас болсын! Қасиетті рамазан айында, Алла рахымына алсын, жаның жәннатта болсын!» – деп жазады ұжымдастары.

Серіктес жаңалықтары