«Сәлем салып, орамал тағу – проблема емес»: Дана Есеева келін болып түскенде орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты
Блогер екінші анасымен бірге ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы сөз етті

Кейінгі кездері көрінбей кеткен Дана Есеева енесімен бірге Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қалай шыдап жүрсің? Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасын ба?» дегендер көп болды. Мен одан проблеме көріп тұрған жоқпын. Ол проблема емес. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиыны жоқ қой. Батасын аласын қайта», – дейді блогер.
Айтуынша, керісінше орамал оны келін болып түскенде бір ұяттан аман алып қалған.
«Мен керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін, орамалды тастамай тақтым. Келін болып түскен кезім. Блондинка болып жүрдім. Артық сөз болмасын деп, орамалды бірден тағып алдым. Соның өзінде суреттен көргендер: «орыс па, татар ма?» деп сұраған екен», – деп түйіндеді сөзін Есеева.