22.02.2025, 16:45
Жаңалықтар
Ақтөбеде 64 жастағы ер адам тереңдігі үш метр болатын құдыққа құлап кетті
Ол өз күшімен шыға алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген

Фото: © istockphoto.com
Ақтөбеде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құдыққа құлап кеткен 64 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға «Жаңақоныс-2» тұрғын алабында болған. 1960 жылы туған ер адам тереңдігі шамамен үш метр болатын ашық құдыққа түсіп кеткен. Ол өз күшімен шыға алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары құдық ішіне саты орнатып, ер адамның жоғарыға көтерілуіне көмектесті. Құтқарылған тұрғын өз үйіне жеткізілді», – делінген министрлік хабарламасында.
Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін құдықтың беті жабылды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
23.02.2025, 20:42
«Неге құшақтамай тұр?»: Қайрат Нұртас пен әйелінің билеген вальсі жұртты шошытты (ВИДЕО)
23.02.2025, 22:21
«Әкемнен де үлкен адам»: танымал актрисаға «Тамашаның» басшысы көңілдесі болу туралы ұсыныс жасаған (ВИДЕО)
23.02.2025, 08:15
«Той ұйымдастыруға 7,4 мың доллар алып, қашып кеткен»: алаяқ ұсталды