$ 499.76  521.7  5.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Телефонға телмірген жаттықтырушы байқамаған»: кішкентай бала бассейнге батып кете жаздады

Жаттықтырушы оны дер кезінде байқамаған, ал баланы сол жердегі келушілер құтқарып қалды

«Телефонға телмірген жаттықтырушы байқамаған»: кішкентай бала бассейнге батып кете жаздады
Фото: pixabay.com

Мәскеудегі «Надежда» спорт кешенінде 7 жасар бала бассейнге батып кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Камера жазбаларынан жаттықтырушы Василий О.-ның бассейн маңында жүріп, телефон экранына қарап тұрғанын көруге болады. Сол сәтте балалар бассейн баспалдақтарының жанында ойнап жүрген. Бір кезде бала суға бата бастайды, алайда жаттықтырушы бұл жағдайға назар аудармаған. Оны жақын маңдағы ер адам байқап, судан алып шықты.

Бала су астында екі минуттан астам уақыт болған. Кейін спорт кешенінің қызметкерлері жүгіріп келіп, оны медбикенің кабинетіне апарғанымен, жедел жәрдем шақырмаған. Әкесі баласын сол жерден тауып, 112-ге өзі хабарласқан.

Қазір бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ата-анасы полицияға арыз түсірді.

Серіктес жаңалықтары