«Еркектер біртүрлі боп барады»: Маникюр жасатқан блогер сынға қалды
Кейбіреулер мұны дұрыс деп бағаласа, енді біреулері ер адамдардың маникюр жасатуы қазақы қоғамда ерсі көрінетінін айтты

Әлеуметтік желіде танымал блогер Елдос Қадірхановтың маникюр жасатып отырған видеосы қызу талқыға түсті. Алайда, бұл әрекеті қоғамның екі түрлі пікірін тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдос Қадірхановтың маникюр жасап жатқанын салеан әйелі «Тырнақты тістеп, тыныштық бермеймін ғой. Сондықтан осылай күтім жасап, ұқыпты жүруге тырысамын. Әр адам өз жағдайын жасап, таза болуы кере», – деп түсіндірген. Ол бұл әрекетін ерлердің жеке бас гигиенасын сақтау қажеттілігімен байланыстырды.
Видео желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Кейбіреулер блогердің өз күтіміне көңіл бөлгенін дұрыс деп бағаласа, енді біреулері ер адамдардың маникюр жасатуы қазақы қоғамда ерсі көрінетінін айтты.
Сын айтушылар «Ер адамдар бұлай жасамауы керек. Бұл біздің дәстүрімізге жат», «Қазақ жігітіне лайық емес іс», «Еркектер біртүрлі болып барады» деп жазған.