«Қазақстан темір жолы» ғимаратынан 3600 қызметкер эвакуацияланды
Мұндай жағдай үш жылда бір рет болып тұрады

Астананың сол жағалауында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 3600 қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоспарлы ірі ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы болды. Мұндай шаралар үш жылда бір рет өткізіліп, төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығу барысында:
- Жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялау үшін көтергіш механизмдер қолданылды;
- Ғимараттың барлық қауіпсіздік жүйелері тексерілді;
- Өрт дабылы, түтін шығару және автоматты өрт сөндіру жүйелерісыналды.
Шартты өртті сөндіруге 14 бірлік арнайы техника, оның ішінде 10 негізгі және 4 қосалқы көлік, сондай-ақ Астана ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды.
Барлық белгіленген міндет толық орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу-жаттығу төтенше жағдайлар кезінде компанияның қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін тексеруге және қызметкерлердің эвакуациялау тәртібін үйренуіне көмектесті.