$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында 60 жастағы қарт кісі өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды (ВИДЕО)

Ол отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстанға көшіп кеткен

Абай облысында 60 жастағы қарт кісі өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Абай облысында 60 жастағы қарт кісі өмірінде алғаш рет жеке куәлік рәсімдеп, құжатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, ол осы жылдар бойы ресми құжатсыз өмір сүріп келген, алайда көші-қон қызметінің көмегімен өзінің алғашқы төлқұжатын алды.

«Отбасылық жағдайға байланысты Өзбекстанға кеткен едім, 2017 жылдан бері азаматтығы жоқ адам ретінде өмір сүрдім. Бірақ қазір жеке куәліктің маңыздылығын түсіндім. Көрсеткен көмектері үшін полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Мен өз Отанымды сүйемін! Рахмет», — деді Владимир.

Көші-қон қызметінің мамандары мұндай жағдайлардың сирек емес екенін атап өтіп, құжаты жоқ азаматтарды ресми тіркеуге шақырады. Өйткені жеке куәлік – бұл тек қағаз ғана емес, медициналық көмек алу, әлеуметтік төлемдер мен заңды құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Серіктес жаңалықтары